Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
96
СЕЗІМ
Алау денем ысып,
Жатсам деп ем құшып.
Ертегі әлем - ғажайып.
Келдің қайдан ұшып.
Көрінбейсің көзге,
Сері жігіт кезбе.
Бізге де бір қара,
Саған наз жоқ өзге.
Сағындыра түсіп,
Тұрған шақта пісіп.
Жыл құсындай - Көктем,
Келдің қайдан ұшып.
Қаладым тек сені,
Құштар - көңіл жөні.
Сыңғырындай бұлақ,
Аялашы мені.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter