Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  130


Автор: Талғат Орманов

ҰСТАЗЫМА

/ Қазақстанның «Құрметті журналисі», ОҚО-ның Құрметті
азаматы Байдулла ҚОНЫСБЕККЕ/
Тектіліктен таза ұрпақ тараған,
От ауызды шешенге ел қараған.
Айтпай шіркін, ұғынатын жайлар көп,
Түсінетін ұлды Биге балаған.
— Айналайын,- дейсің қазақ халқымнан,
Айнымасаң болды ата салтыңнан.
Мұндай заман екі келмес ұлтыма,
Үміт күтем шәкірттерден талпынған.
Деген сөзің бойдан алар ерікті,
Шәкірттермен бақ-береке беріпті.
Сіз еккен тал бәлкім біздер болармыз,
Жеміс берген, саялы ағаш көрікті.
Бірлік десе бойға тарар қаныңыз,
Ынтымақпен жадырайды жаныңыз.
Ел,-деп соққан шырылдаған жүрегің,
Әр күн сайын таразыда – Арыңыз.
Көпқабатты үйде ұстаз тұрасыз,
Құттықызға жиі көңіл бұрасыз.
Нысанаға алған әркез шарыңыз,
Дөп түседі, биллиардта шар ұрасыз.
Өзіңізбен өмір мына желісті,
Артық сөз жоқ, ұлтқа берсін өрісті.
Ұл-қыздарды аман етсін бір Аллам,
Дәл өзіңдей ғұмыр кешем келісті.
Байлық- билік болар еді-ау қолыңда,
Мақсатты ісің ізгіліктің жолында.
Болғаннан соң дем бересіз ұрпаққа,
Салған ізің соқпақ бізбен соңыңда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу