Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
356
ҚЫЗҒАЛДАҚ
Шешек атып көктемде,
Гүлге оранар бау мен бақ.
Жайнап тұрған көк белде,
Құлпырады қызғалдақ.
Тағат таппас төзімді,
Бал-мұңына теңеймін.
Тек өткінші сезімді,
Шын махаббат демеймін.
Қызғалдақты көктемгі,
Үзбеңдерші адамдар.
Жайнап тұрған көктегі,
Жұлдыздай деп қараңдар.
Ұлысыма Ырыс-Бақ,
“Нұрлы нөсер” төккеннен.
Ең алғашқы махаббат,
Келеді екен көктеммен.
Қызғалдақтай құлпырған,
Қыз-ғұмырды аяла.
Сері жігіт сыр тұнған,
Шәрбат сезім саяла.
Қызғалдақтай қыз-ғұмыр,
Жалт-жұлт өтер жалған-ай.
Асыл сезім жыр-тұмар,
Неткен қысқа арман-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter