Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  75


Автор: Талғат Орманов

Құр босқа сенделгеннен жедел тыйыл.

Құр босқа сенделгеннен жедел тыйыл,
Берекелі жыл келді білсең биыл.
Сиыр деген сүт-айран, құрт-ірімшік,
Дастарханнан үзілмес болса жиын.
Жалқауға әдетті сөз қиын-қиын,
Жаратқанға сиынғын болса миың.
Құлшылық ет Аллаға, тірлік қылғын,
Бөленер жаншуаққа содан үйің.
Әрекет берекенің бастамасы,
«Қыбырлаған қыр асар» қостамасы.
Қимылдаса он саусақ ауызға да,
Ілігер шайнап-жұтар астың асы.
Сергек тірлік ұйқымен дос болмайды,
Ұйықтап жатсаң сәскеде қош болмайды.
Кері кеткен тұрмысың оңалмайды,
Көршің де бұл ісіңді қоштамайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу