Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
110
КӨКТЕМ
Биыл кектем ертерек шықты білем,
Наурыз кірмей жер жамылды жасыл кілем.
Болмаған соң Ақпаннан ақборасын,
Шаруаға шалғайда кірді рең.
Бір жақсының артында қуаңы бар,
Аспандағы Айдың да туары бар.
Бірде жайлы, ал бірде жайсыз екен,
Деп болжағыш білгіштің қуары бар.
Наурызбенен Жер-Ана бусанады,
Күншуақта кемпір-шал ұрсар, пәлі!
-Атыспаққа жақсы екен сыралғы жау,
Араласпа түсінсең сөздің мәнін.
Сылқ-сылқ күле бір мезгіл ата-апам,
Самал есіп өткендей әп-сәт табан.
Күрең шайды сораптап бірге ішуде,
Әлгінде айқай белгісін қайдан табам.
Жамырайды көгенде қозы мен лақ,
Сылаң қаққан шуақпен мөлдір бұлақ.
Мөңіреген қарамал әуез қосқан,
Сиыр жылын паш еткен ол бір ырғақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter