Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  105


Автор: Байыт Қабанұлы

Қолымда барда көкдөнен

Қолымда барда көкдөнен
Жазықтай шаптым өрменен
Кез келсе дағы көлделең
Кезім жоқ шаршап шөлдеген
Көмейге тіреп семсерді
Көкбөрі шабыт көтерді талай еңсемді
Мен әнге салып семсердей сөзді сілтесем
Көктеңіз дүние теңселді.
Көк жайлау сәнін келтіріп
Көкбөн көк әуен шертіліп
Көк домбырадан төгілсе
Тынышы кетіп тыңдады
Ел мен тыныш жер тынып
Қолымда барда көкдөнен
Жазықтай шаптым өрменен
Көк атан сезім кеудеме
Көп елдің жүгін теңдеген
Шертетін ылғай шерлі өлең
Шерімен жерді өңдеген
Қазақтың жаман қара ұлы
Шерменде пенде мен деген




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу