Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
75
ҮЛКЕНДІК
Үлкен дейді мына адамдар мына әлемнің
көздің жасы тоқтамайтын шарасын,
Ұзақ дейді жалғыз тұтам
бесіктер мен бейіттердің арасын.
Болса болар болмастардың
дәрі, дәтін қайдан іздеп табасың,
Кім жазады кішілердің жанындағы жарасын.
Ал мен олай ойламаймын:
Жаныменен жалғастырып
өмір деген, өлім деген өрт пен судың арасын,
Хан мен бектен артық санап
кірқожалақ баласын.
Бес құрлықты - бес ұл етіп,
бес теңізді - бес қыз етіп
құрсағына сиғызған,
Мына жалпақ дүниеден
анағұрлым үлкен менің анашым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter