Өлеңдер ✍️
«АҚЫМАҚ» АҚЫН ДОСТАРЫМ
Алладан бірге жаралған менің
«ақымақ» ақын жандарым,
Өмірдің мына бір кешіп зар мен зардабын.
Қол жетпеске де қол созып ешбір тайсалмай,
Арманың менен бірге ұшсын менің арманым.
Сарала атпен сағымды қуып
түскенше талып тарланың,
Сарылып жүріп арқаңа мәңгі
көтерген сендер сана мен ойдың салмағын.
Еркіңмен жатып ас ішер жағдай
қолыңда текке тұрса да,
Ақындық деген азаптың жолын таңдадың.
Ел қамын ойлап, жер қамын ойлап
еңкілдеп жылап зарладың.
Талғамы жоқтар «ақымақ, жынды, есуас» атақ
тақса да жолдан танбадың.
Қолыңда барды еліңе ғана арнадың.
Өздерің барда ортаймас сірә
ой сөзден аққан тасқыны толқын арнаның,
Алладан бірге жаралған менің
«ақымақ» ақын жандарым,
Төртбұрыш жалпақ әлемді сомдап
төрт ауыз сөзге сыйғызып жүрген сендерсің,
Адамзат деген акі аяқ, бір бас пенде біткеннің
ақыл мен есін жиғызып жүрген сендерсің.
Әдемі сұлу келіншек қызды
құшақтап сүйіп, сүйгізіп жүрген сендерсің,
Арақ пен шарап, коньяктарды сапырып ішіп,
сарала бастау құйғызып жүрген сендерсің.
Тағы да тағы кем қалды нелер
барлығы балқып сендерді ғана теңгерсін,
Шалдығып жүрген
шабандоз ақын жандарың жанып өңделсін.
«Ақымақ» ақын дотарым менің
Табынарым да, сағынарым да сендерсің.
Киімің өңсіз болса да дарын талаптарыңмен
көпшілік жұртты қаратқандар да сендерсің,
Хан менен биді алқымнан алып
қанатты сөзбен қанатқандар да сендерсің.
Тып-тыныш жатып көлемді байлық
табатын жерде ел қамын айтып айғайлап,
Түкке тұрмайтын итауыздарға
талатқандар да сендерсің.
Көрікті сөздің көркемін таңдап
өртті өлеңдерді жаратқандар да сендерсің,
Соғым алғалы жинаған тиын тебенге кітәп
бастырып, текке таратқандар да сендерсің.
Тілеймін жылап құдайым үнем
талаптарыңа жел берсін.
Арқалы жандар арқамды тірер орманым,
Желдерің барда ертеден ойла жол қамын.
Өлеңіңді жаз кісеннен аулақ тұрғанда
аяқ қолдарың.
Өзгеден ерек жаралғандықтан зор бағың.
Қазағың үшін қайғыға шалын, сорлағын.
Соларың үшін арнайын өлең өрнектеп,
Осы ғой барым, қолдағым.
Сендерге бір-бір жылы сөз арнап кетпесем,
Жалғаннан мына жібімей кетер тоңдарың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter