Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
72
СЫР
Түннің түсі бүгін ғажап түнерген,
Жүрегім де соған ұқсас, жүдеулеу.
Қанша күздің қайырылмай кеткенін,
Жанардағы қайғы-мұңнан білем мен.
Сүмбіленің реңі де сүреңсіз,
Ай, айтшы сен, неге бәрі реңсіз?!
Хат-хабарсыз кеткен қыздың дерегін,
Ай-қыз, мүмкін, тек сен ғана білерсің?!
Күрең күздің тамшылары кермектеу,
Кермек дәмді қиын екен өрнектеу.
Ақ қайыңның ақ білегін жастанып,
Мүмкін бе екен, көңіл сырын тербетпеу…
Беймазалық, саған жылы сөз керек,
Маған тағдыр барлығына төз демек.
Ішім толы күз-көктемнің қайғысы,
Сен білетін жаным бұдан өзгерек...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter