Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  91


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

ҚАРАША КЕШІ

Кеткен жандай қуарып, өн бойынан дерт өтіп,
Өз-өзінен қараша шошынады селт етіп.
Көзім алды – буылдыр, көлбеңдеген көп елес,
Қиялдармен қиялдар қырық пышақ төбелес…
Мынау ғазиз әлемге, тіршілікке меңіреу
Керек шығар жалғыз қап, өз-өзінен еңіреу.
Қарашаның кештерін ел жамылып қайтуда,
Күздің соңы сыбырлап кей сырларды айтуда.
Естуге де тартынам, басымдағы күнә – мың,
Жаңғырады аспаннан жасыл үні дұғаның...
Мынау өзі қандай күн, мынау тегі қай ғасыр,
Айтшы маған, қалқа қыз, жетші тезден,
қайдасың?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу