Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.08.2022
336

Жүзі – қайғы, мұң бітімі...
Жүзі – қайғы, мұң бітімі,
Тас қаланың мұңды түні.
Қабағына қырау қатып,
Келіспеді-ау бір күтімі...
Санасында сыздайды арман,
Ертіс анау мұзға айналған.
Сәмбі талдар – қыршын ғұмыр,
Қызығынан қыздай қалған.
Үлбі үнсіз егіледі,
Егілген тал не біледі...
Кеше – жанды, бүгін – зәрлі
Неткен жалған өмір еді...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇