Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  293


Автор: Жанат Әскербекқызы

Үлбі ағады баяу ғана үлбіреп...

Үлбі ағады баяу ғана үлбіреп,
Жағасында терек біткен тұр жүдеп.
Өмір де өтер баяу-баяу осылай –
Сезеді ғой, сезеді ғой сұм жүрек...
Көктемі өтіп, жазы кеткен тірлік бұл,
Көңілімде күз деген бір сұмдық тұр.
Сұп-сұр болған Өскеменнің көшесі,
Жүргіншіге адамға тән мұңды ұқтыр!
Көрсет мынау сұрқы кеткен бақшаны,
Көрсет анау жапырақты сап-сары.
Қандай салқын ызғар ескен іңірі,
Қандай сұрқай бұл қаланың ақшамы...
Терек біткен тіл қатады шерлі үнмен,
Мен жұбатам – шерді ақылға жеңдірген.
Ел сезбеген жұмбақтарды сеземін –
Бірақ... бірақ сұмдықты ұқпан ел білген...
Үлбі ағады баяу ғана үлбіреп,
Тыным тапты мың жапырақ – мың жүрек.
Жаны ашығыш менің үлбір-сезімім,
Жарым көңіл шыбықтарды бір-бір өп...
...Жағалауда терек біткен тұр жүдеп....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу