Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  152


Автор: Жанат Әскербекқызы

Көктем хабары

Келіпті көктем хабары,
Көгімде қақты күн күлім.
Ақ қайың – ару таранып,
Көк терек жарды бүршігін.
Лапылдап дала тұрғандай,
Жинап ап ерке нұр бүгін.
Көктемге наздық қылғандай
Ойнақтап өтті бір құлын.
Жүрісі тіптен қылықты,
Алдымнан кескен ойқастап.
Өзімнен-өзім сыр ұқтым,
Кетті ғой құлын ой тастап.
Табуға іңкәр ынтығын,
Ілесіп өмір ағынға.
Барады беттеп бір құлын.
Ақ арман – аппақ сағымға.
Келіпті көктем хабары,
Көгімде қақты күн күлім.
... Алыстап қалған балалық


Ойнақтап өткен бір құлын.


 


1982ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу