Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.08.2022
108
Арша жылады...
Арша жылады,
Қанша жылады
білмедім...
Аршаға ауып аңсарым әлі жүр менің...
Арғанатыны түсімде көрем сондықтан –
Қойнында қалған арманшыл сол бір күндерім...
Арша жыласа – менің көзімнен жас тамды,
Айта алмай келем аршалы таудан басқа әнді.
Екеуіміз ғана түсінісетінбіз қапысыз,
Екеуіміз ғана егілтетінбіз аспанды.
Мен кетіп қалдым. Өксігін тежеп қалды арша,
Кеудемде кетті өкініш пенен зар қанша!..
Жылайды арша, таудың желіне үн қосып,
Ақырзаманның ақырғы күні қалғанша...
Арғанатыдан ажырамайды ол бір елі,
Арғанатының арша болады жүрегі,
Жылай да жылай қайғы-шерінен арылып,
Ақырзаманның ақырғы күні ол күледі!
Арша жылады,
Қанша жылады,
Білмедім,
Аршаға ауып аңсарым әлі жүр менің...
Жұбаныш болмас жабыққан менің жаныма
Арғанатысыз, аршасыз сұрғылт күндерім...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter