Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.08.2022
171
Ақша бұлт баяу жүзіп келеді...
Ақша бұлт баяу жүзіп келеді
Төбемде
Тамшы етіп сырын үзіп береді
Өлеңге.
Ақша бұлт баяу сырғып өтеді
Егіліп,
Өлеңді сосын мұңлық етеді,
Мені – ұмыт.
Көз жасын оның іркіп алады
Жүрегім.
Жаңғырып жерде күлкі қалады,
Білемін.
Төменде жүрмін кешіп қаланы,
Сенделіп,
Ақша бұлт көкте көшіп барады
Сен болып.
Соңымнан әлі көп күн келеді
Мұң есіп,
Өзіңмен бірге кеткім келеді
Ілесіп.
Сытылып менен... сенен қалады
Тіршілік...
Бұлтпен бірге өлең барады
Күрсініп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter