Өлеңдер ✍️
СЕРТ
Тіршілігімнің айтылып жатса бар əні,
Мерейім тасып, айызым да іштей қанады.
Байлығым да бар, бақытым дағы бар əлі,
Тəңірден əке неге тілейді баланы.
Еңбегім ешке кетпесін, бағы жансын деп,
Көзім тіріде ескерткішім боп қалсын деп,
Қыран боп ұшсын, күйкентай-ғұмыр кешпесін,
Мен бара алмаған думан-тойларға барсын деп...
Болжай алар кім бағының жанар, жанбасын,
Белдесер, тіпті сындырар қолын, жамбасын...
Бəрін де көрсін, бəріне көнсін, тағдыр ол –
Өмір сірə да кешіре алмайтын жігітке
Арына түссе, өшіре алмайтын таңбасын.
Азамат жүгін арқалап, мойынға алғасын,
Сүйреп келеміз тағдырдың тіркеп арбасын.
Екі көзіңнің біреуі бірін күндейді,
Еркек болған соң, бəрі де бəрі – арға сын.
Қалқан ғып ұстап даланың жусан-қамысын,
Қоян боп ғұмыр кешпедім шыбын жан үшін.
Желге де селге ықпадым, қорқып бұқпадым,
Көтеріп биік өтсем деп елдің намысын.
Жазылар сынса, сыздаса белім, жамбасым,
Арыма тағдыр салмасын қара таңбасын.
Көбейтсем-ау деп жүргем жоқ елде жан басын,
Намысын қорғап өтсінші-ақ мерт боп хан басым,
Еркектікті əкеп
еншіме Тəңірім таңғасын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter