Өлеңдер ✍️

  26.08.2022
  176


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Ақын әкім кеткенде

Уыс-уыс өрікті басқа шаққандай,
Кәрі-құртаң қынжылды, жас та шаттанбай.
Жалғыз ақын әкімді тайдырдық па,
Қылпылдаған қылышты тасқа шапқандай.
Қолтығынан қоғамның сүлік тергендей,
Құлайтындар өрледі іріктеу көрмей.
Сол жігітті тайдыру шамыма тиді,
Бар қазақты жауына жығып бергендей.
Намыскердің бет – аузын бос тырнағандай,
Құлагерін бәйгеге қостырмағандай.
Сол жігітті ұшыру ұят-ақ болды,
Бұқараны қорғайтын посты ұрлағандай.



1993 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу