Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  317


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Шеше зиратында

Аш адамдай, әлде бір мас адамдай,
Жатырмын қабіріңнен бас ала алмай.
Сағындым-ау, көркіңді көрсетсеңші,
Топырақтың астына тасаланбай!
Анашым, дыбысташы төлім десең,
Тынысым жоқ, еңіреп, егілмесем.
Қақ жарып, қабіріңе кірейін бе,
Есікте мен жатайын, төрінде Сен.
Үнемі сәтін тілеп сапарымның,
Несіне тірі жүр деп бата қылдың?!
Қосылған қой тобына арқарға ұсап,
Ырқына илікпеймін қатарымның.
Тәріздімін қайғыға батқан Асан,
Мақтанға, ұмтылушы ем таққа қашан?!
Ақыретте көкке сау емшегіңді,
Ұл болып туғанымды ақтамасам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу