Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
22.08.2022
488
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-22-03-18-21.png)
Әмірдің өлеңі
Бір күні Әмір өзінің өлеңдерін Қожанасырға оқып береді. Ол:
– Өлең емес! - деп жамандайды. Әмір ашула- нады. Қожаны зынданға салдырады.
Тағы бір күні Әмір Қожаны шақырып алып, оған өзінің жаңа өлеңдерін оқиды.
– Қандай? - деп сұрайды. Қожа үндемей ор- нынан тұрып жүре береді. Әмір:
– Қайда барасың? - дейді. Қожа:
– Қайда болсын, зынданға барам, - дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇