22.08.2022
  439


Автор: Қожанасыр хикаялары

Көрегендік

 


Бір күні Қожанасыр маңындағыларға:
– Мен көрегенмін! - деп мақтанады.
– Сонда не істейсің?
– Адамның ойындағысын табамын.
– Е, қойшы?
– Рас айтамын.
– Ендеше, айта қойшы: біз қазір не ойлап отырмыз?
– Сендер қазір осы шын айта ма, әлде өтірік айта ма деп ойлап отырсыңдар.
– Дұрыс!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу