Әңгімелер ✍️
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-22-03-18-21.png)
Білгендерің білмегендеріңе үйретіңдер
Бір күні Қожанасыр халықты жинап алады.
Өзі мінбеге шығып:
– Жараңдар, менің не айтқалы тұрғанымды білесіздер ме? - деп сұрайды.
– Жоқ білмейміз, - деседі.
– Білмесеңдер айтудың да қажеті жоқ. Бәрібір білмейсіңдер, - деп мінбеден түсіп ке- теді.
– Әттеген-ай, білеміз деп, әңгімесін естіп алуымыз керек екен-ау, - деседі біреулер.
Бір кезде Қожа мінбеге тағы шығып:
– Жараңдар, менің не айтқалы тұрғанымды білесіздер ме? - деп сұрайды. Халық:
– Білеміз, - дейді. Қожа:
– Білсеңдер мен несіне айтып әуре болайын,
- деп мінбеден тағы да түсіп кетеді.
– Қап, бекер болды-ау! Білетініміз де, біл- мейтіндеріміз де бар деп, әңгімесін естіп алуы- мыз керек екен- ау, - деседі жұрт. Әлден уақыт- та Қожа мінбеге үшінші рет шығып:
– Жараңдар, менің не айтқалы түрғанымды білесіздер ме? - деп сұрайды. Отырғандар:
– Білетініміз де, білмейтініміз де бар, - дейді.
– Ендеше, білетіндеріңіз білмейтіндеріңізге үйретіңіздер, - деп Қожа мінбеден түсіп, кетіп қалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter