Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
22.08.2022
381
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-22-03-18-21.png)
Құдайдан ақша сұрау
Қожанасыр бір күні үйінде отырып құдай- дан ақша тілейді:
– Е, құдай, жүз сом ақша бер! - деп жалына- ды. - Бір сом кем болса, алмаймын!
Мұны есітіп тұрған бір қу, Қожаны сынап көрейін деп, шаңырақтан оның алдына дор- баға салып тоқсан тоғыз сом тастайды. Қожа санап көріп:
– Құдай тілегімді қабыл еткен екен! Тоқсан тоғыз сом бергені дорбасымен жүз сом ғой, - деп, ақшаны қалтасына салып алады. Қожаны алдаймын деген қу ақшасынан айрылып қалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇