22.08.2022
  268


Автор: Қожанасыр хикаялары

Қожанасыр мен мырза

 


Қожанасыр жарлы адам болған екен. Бір күні жаяу кіре тасып, кәсіп қылып, тамақ асырамақ болады. Базарға келіп жаяу келушілердің жа- нында тұрса, бір мырза келіп, дүкеннен жаңа сатып алынған бір сандық кесе, шыны аяқ, тас-табақ сияқты ас ішетін ыдыстарды үйіне жеткізіп беруді сұрайды.
– Үйіңізге алып бару ақысына не бересіз? - дейді Қожанасыр.
– Алып бару ақыңа мен саған үш ауыз бек мағыналы, қасиетті сөз үйретемін, - дейді мы- рза.
«Ақша басқалардан да табылады ғой! Мұның бек қасиетті, зор мағыналы сөзін естіп қалай- ын», - деген оймен Қожанасыр: «Жарайды»,
- дейді. Қожа ауыр сандықты көтеріп, иесіне еріп келе жатып, біраз жер жүрген соң: «Қане, мырза, қасиетті, мағыналы сөзіңізді айтсаңыз екен», - дейді Қожанасыр. Жалдаушы айтады:
– Бірінші сөз мынау: - Егерде біреу аштық тоқтықтан жақсы десе, еш уақытта нанбағай- сың! Жақсы, бұл бек мағыналы сөз екен, - дей- ді Қожанасыр.


Тағы біраз жүрген соң:
– Енді екінші сөз мынау: - Атқа мінгеннен жаяу жүру жанға тыныш десе, еш уақытта нанбағайсың, - дейді мырза.
– Бұ да зор мағыналы сөз екен, - дейді Қожа- насыр. Үйдің жанына келіп, қақпаға кірердің алдында тұрып:
– Мырза, енді үшінші сөзіңді айтсаң екен, - дейді Қожанасыр.


Қожанасыр мен мырза 
– Үшінші сөзім:- Егерде жаяу кірешінің се- нен ақылсызы бар деуші болса, оған да нан- бағайсың! - дейді мырза.
Сонда Қожанасыр төбесіндегі сандықты жер- ге тастап жіберіп:
– Егерде біреу бұ сандықтың ішінде сынбай қалған нәрсе бар десе, сен де еш уақытта нан- бағайсың! - деп, қайтып жүре берген екен.


Қожанасыр мен мырза 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу