22.08.2022
  282


Автор: Қожанасыр хикаялары

Қожанасыр мен бақша иесі

 


Қожанасыр бір бақшаға кіріп, бақша- дағы жемістерді жұлып, қабына салып алып жатқанда, бақша иесі үстінен шығып қалып:
– Әй, сен, мұнда неғып жүрсің? - дейді. Қо- жанасыр саспастан:
– Жаңа бір қатты құйын тұрып, осында ұшы- рып әкеп тастағаны. Өзімнің де басым әңкі- тәңкі болып тұр, ағайын, тым қатты айқайла- машы! - дейді.
– Ал сені мұнда жел көтеріп әкеп тастасын, мына жемістерді кім жұлып тастады? - дейді бақша иесі.


 
– Мен құйын домалатып жүргенде, қарма- нып қолыма түскенінен ұстап едім. Мүмкін сонда жұлынып кеткен болар, - дейді Қожа.
– О да солай болсын, ал мына қапқа жемісті толтырған да жел ме? - дейді бақша иесі.
– Апырмай, осыған мен таңғалып тұр едім, сен де дұрыс аңғардың-ау! Бірақ осында мені көтеріп әкеп тастаған құйынға бір қап жеміс бұйым ба? Сірә, жел көтеріп әкелген маңай- дағы бір пақырдың еңбектеп жинаған қауыны мен қабы болар, мен арқалап ала кетермін! - дейді Қожа.бақша 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу