Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.08.2022
222
Бес саусақ
Атам шақырып алды да,
Отырғызды алдына.
– Бес саусақтың атын бiл,
Тоқып алғын жадыңа!
Бас бармағың – ата-анаң,
Үлкендерден бата алған.
Аман жүрсе қалқайып,
Қалмас елден, қатардан.
Балаң үйрек – бауырың,
Ақыл қосар қауымың.
Қысылғанда болысып,
Берер соңғы тауығын.
Ортан терек – нағашың,
Сол үйде өскен анашың.
Қамқор болып жүреді,
Еркелеп те аласың.
Аты жоқ саусақ – достарың,
Жақсы болса қостағын.
Жаман мiнез көрсетсе,
Қатарыңа қоспағын.
Кiшi бөбек – бiлiмiң,
Терең болсын iлiмiң.
«Ұлық болсаң – кiшiк бол»,
Дей көрмегiн: iрiмiн.
Бес саусағың – бақытың,
Сонда балам, бар құтың.
Бес саусағың бiрiксе,
Текке кетпес уақытың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter