Өлеңдер ✍️

  22.08.2022
  109


Автор: Нұрлан Қалқа

Біздің қайрат

Біздің Қайрат,
Сондай əйбат.
Мақтап қойсаң,
Болар жайсаң.
Айтсаң дерек,
Ұғар, зерек.
Сөзге тоқтар,
Көзде от бар.
Кітап алғыз,
Досы нағыз.
Сурет салар,
Жанға жағар.
Деме: бұзық,
Дегей: сөз ұқ!
Сонда Қайрат,
Берер сайрап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу