Өлеңдер ✍️

  22.08.2022
  263


Автор: Нұрлан Қалқа

Айданам - айбыным

Аппақ əлем, ақ уыз, аппақ гүлiм,
Сен жүргенде таң күліп, атпақ күнiм.
Еркелете бермеймiн күнде сенi,
Артық етпес қойсам мен мақтап бүгiн.
Бір Алладан өзіңді сұрағамын,
(Жанарынан жас аққан бұл ағаңның).
Қызыл шақа күйіңде көріп тұңғыш,
Естен кетпес жуыстан «құлаған» күн.
Тұма бұлақ, ақ қайнар, айдынымсың,
Ата-бабам көмбесі – байлығымсың.


Жаның таза болсыншы, қолың таза,
Сонда ғана Айданам - айбынымсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу