Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.08.2022
1895

Мүбәрәк болсын - Жұма күн!
Сеніңіз мейлің , сенбеңіз ,
Ғарышта емес жердеміз .
Жұмыр жер , жалпақ әлемге ,
Құлшылық үшін келгенбіз !
Алланың еткен сынағы ,
Жер деген пенде тұрағы .
Назардан ешкім , тыс қалмас ,
Жаратқан ұлы қырағы !
Сауап іс жаса , жақсылық ,
Уақытың жатыр аршылып .
Иманды адал жандарды ,
Жұмақтан етер , жаршы қып !
Жақсылық жаса жүректен ,
Ғаламды Тәңір сын еткен .
Дүние деген базарды ,
Бәріде досым күнелткен !
Сондықтан ұғын жақұтты ,
Кеш батып , таңдар атыпты .
Құлшылық жасап , өткен күн ,
Шынайы әрі бақытты !
Тәңірге жаса , мың адым ,
Қолыңды жайып сұрағын .
Қабыл боп , дұға тілектер ,
Мүбәрәк болсын - Жұма күн !
Нұрсұлтан Надиров
жұма қабыл болсын жұма мүбәрәк болсын жұма күні жұма дұға тілек жұмаға тілек жұма күні айтылатын тілектер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇