Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  104


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Уа! Қазтуғандай Ұлттық Ақын туған жұрт....

Уа! Қазтуғандай Ұлттық Ақын туған жұрт,
Ұлттық Батыр туған жұрт!
Ит пен құсқа кетті есем,
Аруағы асқан, айбары,
Ұлттық Парламентке сен
Босанасын қай күні?!
Уа, Махамбеттей Ұлттық Ақын туған жұрт!
Исатайдай Ұлттық Батыр туған жұрт!
Көшкен жұртқа ілесеАқ!
Көштен қалсаң – қауіп қыл:
Арғымаққа міне сап,
Астанаға шауып кір,
Ақ Ордаға шауып кір…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу