Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  169


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

НЕМЕРЕМ ӘЛИГЕ

Мына бір пысық бай манап,
Аждаһадай - араны,
Қазақстанның қазынасын ұрлап ап,
Шведтің темір сейфтеріне салады.
Мандайдың бағы о дағы, тағдыр-таланы,
Бабасынан - баласына қалады.
Мен болсам, міне, ішімнен тынып, қорлық-ай,
Тығырыққа кеп тірелген;
Қатын-баласын қартаға салған сорлыдай,
Өмірімді күллі өлеңге салып жібергем...
Кеудемнен шығып құс әні,
Алашты айналып ұшады.
Арын -
Ар қылдым.
Зарын -
Зар қылдым.
Мен саған, жаным, жырыма орап құсалы


Қазақстанды қалдырдым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу