Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  120


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Қазақтың жыры орыстың жырынан тым бөлек...

Қазақтың жыры орыстың жырынан тым бөлек,
Нұр да көп онда, самал жел, жамал - гүл де көп.
Есінен танып түнекте жүрген Есенин,
Мағымұрланғанда Мағжан көкем -
Күнге кеп!
Қазақтың жыры - Қаражорғамен желем деу,
Блоктан - Сырбай,
Тихоновтан - Темірхан тереңдеу;
Кеңшілік сынды керемет ақын жоқ онда,
Ө. Нұрғалиев -
Ю. Кузнецовтан кемелдеу...
Алашқа-дағы Анна Ахматова керек бір,-
Деген - кім, тілін кенеп бұл?
Әлемде - күллі әйел ақынның ішінде
Фариза әпкем бәрінен де асқақ,
Бөлек тұр!
Ғаламда бөлек Қазтуған сынды данада - ой.
Көз тоқтар, шіркін, қара ғой,
Дана,
Дара ғой:
Абайды ешкім қазақша оқи алмайды,
Оқитын оны -
Алла мен Алаш қана ғой...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу