Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
130
БАЗАРБАЙ ДЕГЕН БІР БАЛА
Керегелі Кетбұғы елі, қалың Найман,
Кейіннен Ким кеп саған малын жайған.
Бір бала бізден саған кетіп еді,
Жүр ме екен зәбір көріп залым байдан?
Кеудесі сол баланың өлең еді,
Думанға Жаңарқаны бөлеп еді.
Қай отқа қапылыста барып түсті,
Көзсіз сол Қарағаштың көбелегі?
Алаш-ай, ала бөтен ынтымағы,
Алдыңнан әлі жарық Күн туады.
Найманмен кәріс қоса туған дейді,
Арғынмен сонда бірге кім туады?
Керегелі Кетбұғы елі, Найман елі,
Жоңғарды алдына сап айдап еді.
Ұлытауда хан көтерген, қайран, жұртым,
Өзіңді хансарайдай жайлап еді.
Төменде мама бие байлап еді,
Төріңде Тайжан бұлбұл сайрап еді.
...Сол ұлды кесірлі анау Ким мырзаға,
Көз түрткі қыла көрме, Найман елі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter