Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  156


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ЕСІЛ АҒЫП БАРАДЫ

Есіл ағып барады, Есіл ағып,
Есілмен бір есіле, көсіле ағып, -
Елуге кеп бір қазақ той жасады,
«Ел-Жұрт» деген банктен несие алып.
Есіл ағып барады, есіле ағып,
Жас тоқалы жас күнін есіне алып, -
Алты Алашын шақырып той жасады,
«Алаш» дейтін банктен несие алып.
Есілмен бір ерке қыз есіле ағып,
Ерке ұлдың сол сұлу есін алып, -
Тұранына мәшһұр бір той жасады,
«Тұран Әлем» банкінен несие алып.
Есіл ағып барады, Есіл ағып,
Егемендік ел-жұрттың есін алып, -
Бүкіл қазақ той жасап жатыр, әне,
«Бүкіл-Әлем-Банкінен» несие алып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу