Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
118
Соны ғасыр, сойқан жыр толқыныңда...
Соны ғасыр, сойқан жыр толқыныңда,
Ұлттық рух түспей тұр олқы мұнда:
Келе жатыр Әлихан Бөкейханов -
Мағжан мен Мұқтардың қолтығында!
Мынау - Қасым...
Бүгінде ол - бас тамада.
Зәру емес ақшаға, баспанаға.
Алматыда - алты үйі, алтындаған
Сарайы бар һәм оның Астанада.
Жерде емес қой - Аспанда кілті ақынның,
Үстінде емен сонда да құр тақырдың:
Бір әкімнің тойында 10 Жамбыл жүр!
Бір Шөже жоқ тойында бір пақырдың!
…Бір Шөже жоқ ойында бір пақырдың...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter