Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
156
СЫРДАРИЯ
Күннің өңі сықылды құмның өңі,
Көшенайдың елі бұл -
Ғұнның елі.
Сырдария жағасы - Жыр-дария,
Не жатқаның түбінде кім біледі?
Құрсап жатқан құмдардың құба белі,
Сырдың бойы сықаған сұрақ еді.
Меніңше, онын түбінде алтын жатыр,
(Сэм ағайым сезбесін, бірақ, оны).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter