Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
116
АЛЛАҒА ХҰСНИ ХАТ
Аллаға кейде жіберсем деймін тілдей хат:
« - Ара да мендей бір бейбақ.
Бал жина-дедің - құлыңа.
Сол бір құлдың да,
Құдай болсам деп ойлайтын кезін білмей ғап...
Бал оның - бары, өлеңі.
Көргені үшін көзінің жасын төледі.
Сейеді ол оны, күйеді ол соның зарына,
Сүйініп жүріп,
Күйініп жүріп - өледі!
Арада - бал да, тіл - менде.
(Суретімізді қатар іл біздің - ілгенде)
Құдайдың жырын жазбас ем мен де,
Құлдардың
Құдай болсам деп құтырытынын білгенде!
Неге мен пенде болмадым алпыс айлалы?
Әрине, ол да қатерге басын байлады.
...Ара болғаннан, ақын болғаннан, меніңше,
Алақұс болған артық һәм өте пайдалы».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter