Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  232


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

«ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ»

Асан Қайғы - Қарт Абыз, -
Алды жарық болған, міне, арты - аңыз.
Анам - Ұмай.
Атам - Көк Түрік.
Қызым - Қыз Жібек.
Ұлым - Алпамыс!
Жерден жеміт теріп жеген қулардың,
Тәлкегіне түсіп қалай уландым?
Бал - тандайым.
Жарқырап ақ мандайым,
Мен -
Эпостан туғанмын.
Көз жұмылса - Көк Тәңірді көрем кеп,
Көкте жүргем.
Көрген емен төмендеп:
«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» дейтұғын
Жырдан туғам -
Өне-бойым өлең боп.
Бесікке де туа жырмен бөленген,
Өлеңменен өреленген төл ем мен.
Өмірмен де Кемпірбайша егіліп,
Хоштасқанмын өлеңмен!
Алтындайын хиссаға аптап өз басын,
Боздаса жұрт мына мендей боздасын:
«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» - жанардан
Аягөзге тамып кеткен көз жасым!
Жанақтайын жасын болып жарқ етіп,
Қасым болып, -
Қараорманға ант етіп, -
О, Ғаламзат!
Саған ұшып келемін,
Махаббатсыз дүниені тәрк етіп!
...Атша тулап,
Алпыс екі тамырымнын бүлкілі,
Сағыныштан сарғайды іздеп түркіні;
Үйсін,
Арғын,
Адай болып алдым да,
Абай болдым бір күні...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу