Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
164
Ерінің от екен ғой лапылдаған...
Ерінің от екен ғой лапылдаған,
Жүре ме отқа қарсы ақылды адам?
Өртеніп кетеді ғой күлге айналып,
Жаныңа жанұшырып жақындаған.
Ділді де,
Тілді үйіріп балдай жалған,
Бір сәуле көзімді арбап алдайды алдан.
Мен де бір көзсіз соқыр көбелекпін,
Шарқ ұрып өлерінде шамды айналған.
Қаңқу мен өсекке де елең етпей,
Көп елдің гөй-гөйіне көне кетпей, -
Шарқ ұрып, сені айналып лағып жүрмін,
Көзсіз бір шамды айналған көбелектей.
Ұшып ем талай түрлі гүлді айналып,
Көз - көрмей, көңіл - босап, тіл - байланып.
Түбіне жүрегіңнің қона беріп,
Түбінде кетермін-ау күлге айналып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter