Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
98

АНДРЕ ШЕНЬЕ
Мен - құл едім
Ел - құл еді.
«- Кісеніңді шешем!» - деп,
Ұры-кәззәп, делқұл енді
Кезеніп тұр көсем боп.
Басып өтіп даланы һәм қаланы -
Қан сиген бір ғасыр өтіп барады.
Азаттыққа асық етіп Халық дейтін Баланы, -
Аяр! Сенің кісенімді алғаныңды қайтейін,
Қанжығаңда Басым кетіп барады...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇