Өлеңдер ✍️
КЕРЕЙ, ҚАЙТЫП КЕЛДІҢ БЕ?
Керей, қайда барасың,
Сырдың бойын жағалап?
Бұқар жырау.
Керей қайтып келдің бе?
Дәмі тартып далаңның.
Құшағына ендің бе
Алаш дейтін Анаңның?
Өзі – Жерде,
Тәңірісі – көктегі
Алашыңа не дейін?
Анасына өкпелі –
Баласына не дейін?!
Асылығым болса сөкпе деп,
Көзіме жасым толады.
Өзімізге өзіміз өкпелеп,
Өзгенің болдық боданы.
Сөйлейін қайтып қорланбай
Өмір мен өлім өтінде –
Қазақтан өткен сормаңдай
Халық жоқ Жердің бетінде!
Өзімді қуып,
Өзгені жарылқау қай теңім,
Не таптық содан, назалым?
Өгіз терісі талыс болғанымды қайтейін.
Бұзау терісі шөншік те менің қазағым!
Өзгеріп болмыс, сана да,
Өткенмен талай өксікті заман арада.
Алаштың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Өкпең де тарқап, жылауың,
Елге кеп, майдай еріп ең –
Абылай, Бұқар жырауың
Аунап түсті көрінен.
Ат айналып,
Қазығын тапса күнә емес,
Алтын бекетке жетем деп.
«Ақсарбас» айтам мына көш –
Соңғы көш
Болса екен деп!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter