Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  132


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Мәңгүрт сөйлеп тұр...

Мәңгүрт сөйлеп тұр,
Цивилизация сөйлетті.
Ол сөйлеп тұр – галстукті, көйлекті.
Гетені Абай шекпен киіп сөйлетті.
Герольд Бельгер немісше оны сөйлетті.
Мына мәңгүрт Ұлы Тұран қонысын
Қайдан білсін, күнә демес онысын.
Абайды да оқымайды бұл қазақ,
Герольд Бельгер оқып жатыр ол үшін...
Заты бөтен, қазаққа ұқсас пішіні,
Қайтсем екен мына кеміс кісіні?
Қасиетіңді алды-ау, Алаш, қайтейін,
Қарғыс атқан зар заманның түсігі!
Мына Мәңгүрт... е, бұл да бір шерменде,
Дүниеге тексіз болып келген де,
Боқтатса ғой қазақша бір, о, шіркін, –
Герольд Бельгерге!
Мына Мәңгүрт тебініп һәм емініп,
Дөйлеп тұр ғой, сөйлеп тұр де не біліп?
...Гитлерді жеңген қазақ бір кезде,
Жер боп отыр,
Гете,
Сенен жеңіліп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу