Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  110


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

АНКЕТА

– Аты жөнің?
Кімсің сен?
– Мен.
– Туған жылың?
Қашан жерде қанат қақты тірлігің?
– Әкем менен анамның
сүйген күні
бір-бірін...
– Шыққан тегің?
– Далам – дана.
– Туысың бар ма?
– Бар, – Анам ғана.
– Аты кім оның, бала?
– Мама.
– Ол мұңлық не істеп жүр сабылып?
– Күтеді біреуді сағынып...
– Сотталдың ба?
– Бірнеше жыл
Өзіме өзім
болып едім тұтқында:
Сол зынданнан шықпадым ба,
шықтым ба...
– Туысың бар ма шет елде?
Неге үндемейсің, көкем?
– Бар:
Әкем...
Бір солдаттың тұяғы едім.
Шерлі ем – мен:
1945-те жат өлкеде жерленген.
Шет елдегі туысым – сол.
Жырақта.
Хат жазбайды бірақ та...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу