Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
120
Мен не бір шуақ жылуды сүйемін...
Мен не бір шуақ жылуды сүйемін,
Мен әлі не бір сұлуды сүйемін.
Қолтықтап шаршы топқа кіремін,
Қажисың, қатты соқпа, жүрегім!
Анамды сағынам, баламды сағынам,
Сағыныш болмаса ғаламды не қылам?
Күннен де қызулы отта жүр едім,
Лүпілдеп қатты соқпа, жүрегім.
Арғымақ аттай шаппа, қарағым,
Тірлікте өзімді ақтап аламын.
Өлген соң қайтіп сотқа кіремін?!
Шаршайсың, қатты соқпа, жүрегім!
Сотқа кіремін...
Қалған ғұмырым ғажап та болар,
Алашта жүрсем – азап та болар:
Оранып талай отқа кіремін!
Ойпырым-ай, тез-тез соқпа, жүрегім
Отқа кіремін!
Лүпілдеп қатты соқпа, жүрегім,
Мен әлі талай отқа кіремін,
Боққа кіремін...
Сотқа кіремін!
Лүпілдеп қатты соқпа, жүрегім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter