Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
110
ҮНДІСТЕРДІҢ КӨСЕМІ ТУПАК АМАРУ
Сеньорлер мас боп табалап –
күледі!
Дұшпан – ит-ақ, ә?!
Өзіңді өзің сабалап,
о, бозда, сорлы гитара!
О, Тупак!
Мына дабырға –
Мазаққа көнер күш – кімде?
Үлбіреп жүрген жарың да –
жоқ қазір жердің үстінде!
Жауларың мас боп құсқанда –
жиіркеніп қарап қалдың ба?
Ақкөңіл болып дұшпанға, азапты –
салып алдың ба?!
Аяр жау алпыс айлалы,
аямай, міне, сені енді –
ат құйрығына байлады!
Қиқулап шаба жөнелді...
Кім түрер құлақ зарыңа!
Ажалды қарсы ал, бекін де:
Жанашыр жайсаң жарың да
жоқ енді жердің бетінде!
Өздері-тағы!
Ит-ақ, ә?
Айтады бізді «тағы» деп
О, бозда сорлы гитара!
О, қанды қолдар, лағнет!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter