Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  83


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Сөнетін шамдар жалт етіп нұрды алып қашып!

Сөнетін шамдар жалт етіп нұрды алып қашып!
Жарқ етіп біз де шығушы ек ұрланып басып...
Тұмса сезімге толы сол тұнық түндерді
Ұмыттың мәңгі. Менің де ұмытқым келді!
Ақжарық. Айлы түн еді. Қыз бенен жігіт...
Бара ма мәз боп біз жүрген ізбенен жүріп?
Сен жоқсың. Әлі сол беті Ақжарық бірақ.
Үйіңде сенің ылғи да шам жанып тұрад!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу