Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
134
![](/uploads/shorttexts/author_image/118936239-3005264913033768-7346388476001674305-n[1].jpg)
АЗА ЖЫРЫ
Поэзия!
Ақынның алтын тағы!
Жендет оғы төбеңнен сартылдады...
Күн бұзылып, Жер беті салқындады,
Азап шекті-ау Ақынның жарқын жаны.
Чили – өртте.
Денесі жанып-ысып
Нерудасын іздейді алып-ұшып.
Бұл – оның мәңгі өлмейтін сағынышы.
Гүл иісі құрыған... Қан иісі...
Қайран Чили!
Отаны батырлардың!
Ошағы едің гүл – ару, шат – ұлдардың,
Хунта – Тозақ!
Өртімен лапылдадың!
Қайран, Чили... қиналып жатыр жаның:
Фашизм – азабы адамзаттың,
Фашизм – ажалы ақындардың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇