Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
198
Көзімнен адал жүрегім байқалмады ма?
Көзімнен адал жүрегім байқалмады ма?
Сенбеймін мәңгі, сенбеймін сайқалдарыңа!
Сенбеймін тіпті өліп-өшкен сөздеріне де,
Өтірік күлген жымысқы көздеріне де.
Сенбеймін мәңгі, көргенде шамданып қалам!
Сүйіктім!
Неге қарайсың таңданып маған?
Серігің сенің, япыр-ау, сенгіш-ақ па еді?
Сүйе алмайды олар ешқашан сен құсап мені!
Өксиді олар өзгені өкініп тұрып,
Өтірік сүйіп – күйеді, өтірік күліп...
Сенбеймін!
Тіпті көз салман түр-түсіне де,
Көз жасына да сенбеймін, күлкісіне де!
Аярға сеніп алданып, арбалып – талман –
Осыдан бұрын оңбай бір алданып қалғам...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter