Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  101


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Өксиді өмір өкіріп тағы...

Өксиді өмір өкіріп тағы,
Аранын ажал ашқанда.
«Өлдік-ау!» – дейміз.
Өтірік – бәрі!
Кетеміз ұшып – аспанға!
Соңымызда қалады біздің
Өмірге қамшы өрендер.
Соңымызда қалады біздің
Өлімге қарсы өлеңдер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу