Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  119


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ӨМІР КІШЕНҰЛЫНЫҢ ӘруағыНА

Атасу – аңыз толы төнірегі,
Ағамның аты бөлек: «Өмір» еді
Сәкендей заты бөлек болғаннан соң,
Ел-жұрты әлі іздейтін көрінеді.
Иманақ – алтын шөкпен босаға-ды
Аялар Алла сүйіп босағаны
Сәкеннің қаны тамған бұл топырақ,
Әлі сан боздағына босанады!
Атасу – Алашымның өркенді елі.
Қазақтың көк жиегін көркемдеді.
Өмірге Өмір сынды ұл келмесе
Сағыныш өзегімді өртер ме еді?!
Атасу, асып не бір белесіннен,
Тауымен, тасымен де кеңесіп ем.
...Құдай-ау, қайда барсам Сәкеніңнің,
Құтыла алмай қойдың елесінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу