Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
108
Келеді алып қашқым –
Келеді алып қашқым –
Жегідей жеп, жанымды құса қылған
Түн аңдыған бұзықтың пышағынан,
Жасындардан кенеттен жарқ ететін,
Сұлулық пен пәктікті тәрк ететін
Дон Жуанның темірдей құшағынан!
Кереғарды қалайша келістірем!
Көзім алды – қайшылық, керіс кілең!
Болсам егер қараңдар санатында
Қысып алып өзіңді қанатыма
Алып қашып кетер ем Жер үстінен!
Алып қашып кетер ем, сол – тыныш-ты,
Маған керек басқа әлем мол тынысты.
Қайда барып еркін бір дем аламыз?
Хиросима – секілді Жер-анамыз!
Өмір сүру не деген қорқынышты..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter